Coursera – бұл әлемнің жетекші университеттері мен технологиялық алпауыттарын біріктіріп тұрған дүниедегі ең үлкен білім ұйымы.

       2012 жылдан бастап қолданыста. Жыл сайын платформа арқылы әлемнің 200 елінен 100 миллионнан астам адам білім нәрімен сусындайды. Сонымен қатар, смартфонға арналған қосымшасы да белсенді жұмыс істейді. Курстардың басым көпшілігі Гарвард, Пенсильвания, Вирджиния және Мичиган университетінің білікті ғалымдарының қатысуымен және профессорлардың қолдауымен жасақталған.
       Айта кетейік, курстар қазақ және орыс тілінде қолжетімді. Оқудан кейін сіз бүкіл әлемде мойындалған сертификат ала аласыз.
       Платформа материалдары дәстүрлі оқыту формасына жақын жасалған. Лекциялар, бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары, тест тапсыру, емтихандардан тұрады. Егер де қатысушыларда түсініксіз тақырыптар немесе жайттар болып жатса, қатысушылар мен оқытушылар байланысатын арнайы форумда талқылауға мүмкіндік бар. Оқуды жеке компьютерде де, немесе телефон арқылы да оқуға болады.
        Бүгінде Қызылорда ашық университетінің 36 оқытушысы мен 14 білім алушысы курсқа қатысуда. Білім платформасы арқылы біліктілігін арттырып, 4 оқытушы және 1 білім алушы халықаралық сертификатқа ие болды.