Экономика ғылымдарының кандидаты Мадина Елпанова

Экономика ғылымдары бойынша тың зерттеулер жасап, білім мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан, «Экономика және басқару» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Мадина Елпанова.
30 жылдан аса жоғары білім саласында жүрген Мадина Абжалиқызы бірнеше ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы. Ғылыми бағыты инвестициялар, мұнай саласы, өнеркәсіп, инновациялар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік салалары аясын қамтиды. Ғылыми бағыттағы 60-тан аса мақалалары мен еңбектері бар.
Педагог біліктілігін арттыру мақсатында «Отбасы бюджетін қалыптастыру және тиімді басқару», «Кәсіпорын экономикасы», «Жобаларды басқару», «Экономика және менеджмент» тағы да басқа курстарға қатысқан.
Мадина Елпанова берген білімі мен жасаған жұмысы үшін бірнеше марапатқа ие болған. «Ы.Алтынсарин төсбелгісімен», Tomson Reuters, Scopus, Springer деректер базаларына тіркелген ғылыми басылымдарда мақалалар жариялағаны үшін арнайы Алғыс хатпен, Қызылорда облыстық маслихатының Алғыс хатымен және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ның үздік оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы алтын медалімен марапатталған.