Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Өңіріміздегі іргелі жоғары оқу орны, білім мен ғылымның, мәдениеттің қара шаңырағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамымен Қызылорда ашық университеті арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Меморандум аясында академиялық ұтқырлық, білім, ғылым саласында тәжірибе алмасу көзделіп отыр. ЖОО инновациялық қызметін дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау, біліктілігін арттыру және студенттердің біліктілігін тереңдету мақсатында, тәжірибеден өту үшін бағдарламалар атқарылмақ.
Сонымен қоса, идеялармен, ақпаратпен және технологиялармен алмасу үшін жағдайлар жасау және келісілген басым бағыттар шеңберінде бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер жасалатын болады.
Бұл жасалған келісімдер қос тарап арасындағы білім, мәдениет және ғылым саласындағы байланыстарды нығайтудың жаңа кезеңін көрсетіп, келешегі зор ынтымақтастық пен білім алмасу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.