МАҚСАТ. ЕҢБЕК. НӘТИЖЕ
МАҚСАТ. ЕҢБЕК. НӘТИЖЕ
⚡️ Халықаралық студенттер күні мерекесіне орай облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Diamond show» студенттік жастар балы ұйымдастырылды.
🔸 Студенттік бал аясында Қызылорда қаласы бойынша барлық оқу орындарының ең үздік те көшбасшы студенттерінің арнайы көрмесі өткізілген болатын.
🔸 Қызылорда ашық университетінің атынан қатысқан «Информатика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, 2022-2023 оқу жылы бойынша Студенттер жатақханасының студенттік кеңес Төрағасы, биші, ұйымдастырушы, жас көшбасшы – Бақытжан Медет Бауыржанұлы арнайы қатысып, белсенділік өмір жолындағы өзіндік жетістіктері мен университеттің мәдени-шығармашылық бағытын көпшілікке ұсынды.
🔸 Іс-шара барысындағы ерекше белсенділігі үшін Бақытжан Медет Бауыржанұлы Қызылорда облысы әкімі аппарат басшысының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
🔸 Қалалық мәдени іс-шарада оқу орны атынан жауапты болып, жетекшілік еткен «Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің әдіскері Ербозым Орынбасар Жарасқанұлы.