Ілияс Жансүгіров туралы 10 дерек
Қазақ ақыны, драматург, прозашы, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіров туралы 10 дерек ұсынамыз.
1) Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған ол әке тәрбиесін көріп өскен.
2) Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді.
3) 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
4) 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі.
5) 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
6) 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
7) Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті.
8) 1937 жылдың тамыз айында Ілияс Жансүгіров саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, тұтқындалды. 1938 жылы шабыты шарықтап тұрған ақын 44 жасында ату жазасына кесілді.
9) Оның «Байшұбар» , «Балаларға тарту». «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы.«Күй» поэмасы. «Кек» және «Турксіб» пьесасы «Күйші» поэмасы, «Исатай - Махамбет» пьесасы және "Күй", "Күйші", "Дала", "Рүстем қырғыны", "Исатай" "Мақпал", "Байкал", "Кәнпеске" "Қолбала", "Қуат" , "Әдебиет майданы", "Мәйек" , "Бақытты Жамал» позмалары бар.
10) Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Талдықорған қаласында орналасқан.