«Алтын күз – 2023» байқауына қатысып, жүлделі 1 орын иеленді.

«Алтын күз – 2023» байқауына қатысып, жүлделі 1 орын иеленді.

🔸 Қараша айының 21 күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Алтын күз – 2023» атты студенттер арасында күзгі балы өткізілді.

🔸 Байқауда Қызылорда қаласының барлық жоғары және арнаулы оқу орындарынан талапкер қыздар мен жігіттер жұптаса бақ сынады.

🔸 Күзгі балл кешіне 6 жұп қатысып, «Таныстыру», «Күзгі дефиле», «Өнерім – өрісім», «Менің оқу орным» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

🔸 Сайыста көрерменнің көзайымына айналған Қызылорда ашық университетінің студенттері «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығынаң 1 курс студенті Аян Бақытжанұлы мен «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Томирис Туребай жүлделі 1 орын иеленді.

🔸 «Өңіріміздегі білім беру ұйымдарының басын қосқан бұл байқау өте жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі жеңіспен университетімді құттықтаймын!» , - деді Томирис Туребай.
Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

🔸 Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз, әрқашан биік шыңдардан көріне беріңіздер!