Coursera - жаңа білім алуға арналған бірегей алаң

Coursera - жаңа білім алуға арналған бірегей алаң. Жоба ірі ЖОО-мен ынтымақтасады. Қатысушылар курстардан өтеді, тесттер мен емтихандарды тапсырады. Халықаралық дәрежедәгі сертификатқа ие болады.

Қызылорда ашық университеті үшін Coursera платформасында 100-ден астам курс қолжетімді болды. Бұл жасанды интеллекттен бастап оқыту әдістеріне дейінгі әр түрлі салаларда кәсіби дамуға және білім алуға бірегей мүмкіндік береді.

«Оқу орнында профессор-оқытушылар үшін біліктілікті арттыруға мүмкіндік жасалуда. Университет қызметкерлері ЖОО қаражаты есебінен, өздеріне ыңғайлы уақытта кәсіби біліктілігі мен білімін арттыруда. Алған білімдері шыңдай отырып, оқу үрдісінде жаңа идеялар мен әдістерді енгізуге жол ашады», - деді Қызылорда ашық университеті Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айгүл Бекқожақызы.

Бүгінде университет оқытушылары 40-тан аса Халықаралық сертификатқа ие болды. Ал студенттеріміз Сапарбекқазы Аружан «YALE» университетінің «Financial Markets» курсы бойынша және Қалмұратова Сабина «YONSEI» университетінің «First Step Korean» курсы бойынша Халықаралық сертификатқа ие болды.