“Гендердік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік” акциясын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өткізді.
“Гендердік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік” акциясын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өткізді.
Акция аясында жергілікті университеттер студенттері арасында гендерлік зорлық-зомбылық бойынша Кейс чемпионатын ұйымдастырды.
Кейс чемпионаттың мақсаты: Гендерлік теңсіздіктің жеке адамдарға және жалпы қоғамға таралуы мен әсері туралы жастардың білімін арттыру.
Сайысқа өңіріміздегі ЖОО студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Қызылорда ашық университетінен “Жігер” және “Жарқын ой” топтары қатысты.
Қорытынды есеп бойынша, “Жігер” тобы жүлделі 2 орынды иеленді.