Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің “Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика” кафедрасының ұйымдастыруымен “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің “Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика” кафедрасының ұйымдастыруымен “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Алматы, Шымкент қалалары ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері және Қызылорда ашық университетінің “Құқықтану”мамандығының студенттері онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Жиында, Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы “КММ директоры З.М.Байсакова баяндама жасады және сала мамандары сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараның мақсаты - отбасы мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, бұл әйелдер де, балалар да, ер адамдар да болуы мүмкін, сондай-ақ агрессивті тұлға түрлерін анықтау, жәбірленушіге де қылмыс субъектілеріне де көмек көрсету.