“Тапқыр болсаң, озып көр”

16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда Ашық Университеті студенттерінің қатысуымен “Тапқыр болсаң, озып көр” атты интеллектуалды сайыс өтті.
Сайысқа университет студенттерінен құралған 3 команда қатысты.
“Жалын”, “Дарын”, “Бүркіт” топтары логикалық сұрақтар, “Білгенге - маржан” тақырып бойынша сұрақтар және капитандар сайысы кезеңдері бойынша бақ сынасты.
“Тапқыр болсаң, озып көр” интеллектуалды сайысының мақсаты - білімділік, оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, студенттердің білімге деген ынтасын және дамытушылық, ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.
Қорытынды есеп бойынша “Дарын” тобы үздік атанды.