Болгария мемлекетінің Тракия университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Бүгінде Қызылорда ашық университетінің шетелдік ЖОО-мен ынтымақтастық аясы артып, дамып келеді. Бүгін университетіміз бен Болгария мемлекетінің Тракия университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Меморандум кадрларды даярлау, педагогтардың, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды.
Сондай-ақ, оқу-әдістемелік материалдар, мерзімді басылымдар және ақпараттармен алмасу көзделіп отыр.
Академиялық ұтқырлық, бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламалары, кәсіптік білімді іске асыру және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағыттары бойынша бірлескен қызмет атқарады.
Тараптар арасындағы серіктестік бағыттарының бірі студенттер, магистранттар, докторанттардың теориялық және практикалық білімді тереңдету үшін тәжірибеден өтуін ұйымдастыру болып табылады.
Жасалған келісімдер оқытушылар мен студенттер үшін жетістікке жетудің даңғыл жолы боларына сенім білдіреміз.