Қызылорда ашық университетінің кітапхана қоры жаңа кітаппен толықты

   

⚜️Қызылорда ашық университетінің кітапхана қоры жаңа кітаппен толықты.

🔸Тұңғыш жарық көріп отырған Oxford Qazaq Dictionary сөздігін құрастырып шығару жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен және «Ұлттық аударма бюросы» дайындап шығарды.

🔸Қазақ-ағылшын және ағылшын-қазақ тіліндегі сөздікте 60000-ға жуық сөз қамтылған.

🔸Сөздікті әзірлеуде дүние жүзіне танымал Oxford English Dictionary сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынды.

🔸Кең көлемді сөздіктің жалпы тіл мамандарына қажет құрал ретінде ғана емес, тіл үйренушілердің тілді оңай үйренуіне көмегі тиетін еңбек ретінде де маңызы зор.