“СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ-2024” спартакиадасы өз мәресіне жетті

   

 

⚜️Білім беру мен спортты ұштастырудың айқын дәлелі болған “СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ-2024” спартакиадасы өз мәресіне жетті.

🔸Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында 9-12 қаңтар аралығында өткен спартакиадада қатысушылар спорттың 8 түрінен күш сынасты.

🔸Спартакиада оқытушылар мен қызметкерлердің спорттық жетістіктерінің әсерлі көрінісі ғана емес, сонымен қатар, олардың тәжірибе алмасуға және әріптестерімен байланыс орнатуға берілген тамаша мүмкіндік болды.

🔸Сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры Абайбек Жүнісов және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің директоры Көктем Еримбетов қатысып, дәстүрлі түрде өткізілетін спартакиада жоғары дәрежеде өткендігін атап өтті.

🔸Жалпыкомандалық есеп бойынша I орын “Кәсіби-техникалық мамандықтар” бірлестігі, II орын “Қызылорда ашық университеті” командасы, III орынды “Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар” бірлестігі иеленді.

🔸Жеңімпаздарға арнайы кубок, дипломдар мен сыйлықтар табысталып, үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.