Шетелдік білім беру жүйесінің ерекшеліктерін пайдалана отырып
⚜️Шетелдік білім беру жүйесінің ерекшеліктерін пайдалана отырып жұмыс жасау, білім беру ісінде жақсы нәтижеге жеткізеді.
🔸Қызылорда ашық университетінің оқытушылары “Орта білім беруді жаңғырту” жобасы аясында курска қатысуда.
🔸Курс барысында оқытушыларға «Заманауи педагогикалық білім беру трендтері және қолайлы білім беру ортасы» тақырыбы бойынша курстың жұмыс жоспары таныстырылып, «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» тақырыбы аясында Сингапур, Ұлыбритания, Германия және Финляндия білім беру жүйесінің ерекшеліктері айтылуда.
🔸Финдік білім берудің 7 қағидасы – «Теңдік», «Тегін», «Сенім», «Еркіндік», «Тиімділік», «Өзіндік», «Нәтижеге» бағытталған сапа көрсеткіштері талданды.
🔸Сондай-ақ, «Трендттік аудитория», «тренд холл» , «трендтік қатынастар», «трендтік байланыс және өзара әрекеттесу» бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.
🔸Оқытушылар онлайн форматта еліміздің ЖОО-мен бірге Қожа Ахмет Яссауи университеті базасына Финляндиядан келген эксперттерінің онлайн дәрісін тыңдады.
🔸Біліктілікті арттыру курсы жалғасын табуда.