"AML ACADEMY" меморандумға қол қойылды

   

 

⚜️Бүгін, Астана қаласында "AML ACADEMY" қаржы мониторингі академиясы мен "Қызылорда ашық университеті"білім беру мекемесі арасында дайындық және оқыту саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

🔸Академия теориялық білім мен практикалық дайындықтың жоғары деңгейін біріктіретін жаңа формациядағы мамандарды даярлау үшін академиялық ортамен белсенді жұмыс істеуге ниет білдіреді.

🔸Осылайша, Академия Қызылорда ашық университетінің ПОҚ және білім алушылары үшін көшпелі факультативтік сабақтар өткізуге, конкурстық негізде тағылымдамадан өтушілерді іріктеуге және кейіннен Қазақстандағы қаржы мониторингі саласының кадр резервін ең лайықты кандидаттармен толықтыру мүмкіндігімен практика базасын ұсынуға дайын. Қаржылық қауіпсіздік, ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл және терроризмді қаржыландыру бойынша білімді тарату Академияның маңызды әлеуметтік миссиясы болып табылады. Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!