Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы мен даму перспективалары

   

 

⚜️Елордада, Еуразия ұлттық университетінде «Ғылым және жоғары білім саласындағы сапана қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы мен даму перспективалары» атты форумы өтті.
🔸Форумға отандық ЖОО басшылары, «Атамекен» ҰКП мен Еуропалық білім сапасына кепілдік беру тізілімінің (EQAR) өкілдері қатысты.
Форум аясында 3 тақырыптық сессия өтті.
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ішкі сапасын қамтамасыз етуінің тюнингі,

- Ғылыми кадрларды дайындауды жетілдіру,

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік реттеу жүйесін жақсарту.
Форумда өте ауқымды мәселелер талқыланып, қазіргі таңдағы жоғары білім беру ұйымдарының сапаларына қойылатын талаптардың күшейтілу негіздері мен әрбір білім беру ұйымына қойылатын талаптардың бүгінгі қоғам талабының үдерісінен шыға алу жолындағы даму қарқыны жайындағы мәселелер қозғалды.

🔸 Форум жұмысына, Қызылорда ашық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов, университеттің бірінші проректоры Абайбек Талғатұлы Жүнісов және Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Айсұлу Мұхамбетжанқызы қатысты.