“Zan”деректер базасының онлайн нұсқасымен таныстыру жұмыстары жүргізілді

   

 

⚜️Бүгін құқықтану (қылмыстық құқық) мамандығының білім алушыларына “Zan”деректер базасының онлайн нұсқасымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

“Zan” деректер базасы - бұл Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және халықаралық қызметін реттейтін заңнамалары және басқа да ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі жиынтығы.

🔸Бұл біздің құқықтану мамандығының білім алушылары мен болашақ мамандар “Zan” деректер базасынан құжаттарды іздеудің ауқымды мүмкіндігін ала отырып, керекті ақпаратты дер кезінде табуға қол жеткізе алады.

🔸Студенттерге таныстыру жұмыстарын жүргізген Қызылорда облысы Әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бодыбаев Нұржан Айтбайұлы, ҚР “Заңнама және құқықтық ақпарат институты”директоры Жиембаева Альбина Болатбекқызы және ҚР “Заңнама және құқықтық ақпарат институты” филиалының бас маманы Кенбай Қанат Бақытұлы.

“Zan” деректер базасы студенттеріміз үшін құқық саласындағы таптырмайтын көмекшіге айналарына сенім білдіреміз.