УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ҒАЛЫМДЫ МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

   

⚜️Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., жоғарғы оқу орындарының қауымдастығының «Үздік оқытушы» атағынын иегері, Қорқыт Ата университетінің оқытушысы Наурызбаев Асылбек Жұмабайұлы 70 жасқа толды. Мерейлі мерекемен Қызылорда ашық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі , Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ұлттық құрылтайының мүшесі Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов құттықтап, жылы лебізін жолдады.

“Сіздің ғылыми-педагогикалық қызметіңізде, өңіріміздің экономикасының дамуына сіңірген үлесіңіз мол!
Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой - беделге ие болған тәжірибелі, кәсіби мамансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз.
Мықты денсаулықтың арқасында игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіремін. Әрдайым әріптестеріңіздің ықыласына бөлене беріңіз!” - деді академик.

🔸Университет атынан “Мансап және жұмысқа орналасу қызметі” орталығының бас маманы Саймағанбетов Нұрлытаң Кәдірбекұлы ректордың құттықтауы мен алғыс хатын жолдап, сый-сияпатын табыстады.