⚜️Мұқағали қазақ әдебиетін ғарыштық деңгейге көтерген феномен тұлға. Өмірдің мағынасын өн бойына жиып, ұлттық руханиятты эверестке шығарған дарабозды ел ұмытпайды.

   

 

⚜️Мұқағали қазақ әдебиетін ғарыштық деңгейге көтерген феномен тұлға. Өмірдің мағынасын өн бойына жиып, ұлттық руханиятты эверестке шығарған дарабозды ел ұмытпайды.
Ақын туралы 10 дерек ұсынамыз.

1.Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 2 ақпанда дүниеге келген.

2. Алматы облысы, Қарасаз ауданы, Райымбек ауылында туылған.

3. Мұқағали Мақатаевтың азан шақырып қойған есімі - Мұхамбетқали

4. Алғашында ҚазМУ-дің филология факультетіне, содан кейін шет тілдер институтына, артынша ҚазМУ-дің заң факультетіне оқуға түседі. Жазушылар одағының жолдамасымен 1973 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы Әдебиет институтының студенті атанады.

5. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды.

6. Мұқағали Мақатаевтың әйелінің аты - Лашын.

7. Мұқағали Мақатаевтың қайтыс болған қызына арнап жазған өлеңі - Майгүлге

8. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған қандай әндерді білесіз? “Отыздан асып барамын”, “Сеніз көзің”, “Есіңе мені алғайсың”

9. Мұқағали Мақатаевтың мемлекеттік сыйлыққа ие болған кітабы - “Аманат”

10. Ақын 1976 жылдың 27 наурызында Алматыда дүниеден өткен.