Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдық мерейтойы

   

 

⚜️Қазақ поэзиясының Хантәңірі, Алаш поэзиясына өлшеусіз олжа салған ақын Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдық мерейтойы, Қызылорда ашық университетінің құрылған күні сән салтанатымен атап өтілді.

⚡️Әдеби-сазды кеште Мұқағали Мақатаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылығы, отты да рухты өлеңдері оқылды. Артынан еріп келе жатқан жас буын өкілдері ақынның өлеңдерін оқып, ақынға деген ерекше құрметтерін көрсете білді. Студенттеріміз Мұқағали Мақатаевтың өмірін сомдап, арманға толы ақынның күрделі тұрмыс тіршілігін бейнелеп, халық назарына ұсынды.

⚡️Кешке арнайы келген «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұсаева Гүлшат Исақызы университетті мерейлі белесімен құттықтап, жылы лебіздерін жолдады.

«Келіскен, кемелденген күйге енеміз,
Толассыз мейіріне сыйған теңіз.
Шапағатқа шомылған шәкірттерге:
Бағыт пен бақыт берген сыйлығы егіз.
Ажыратқан артығын, кем, турасын,
Тұйғындардың қанаты кеңге ұзасын.
Алғаш қызмет бастаған соң ба ойда?!
Ашық университет сен тұрасың...»
- деп «Педагогика» кафедрасының оқытушысы Роза Шынжырбай жыр кешінде, өзі қызмет атқаратын білім ордасын жырға қосты.

⚡️Ұлыларды ұлықтаған оқу ордасының ғұмыры ұзақ, жас ұрпақты тәрбиелеуде, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы еңбегі жана берсін. Қара шаңырақ Қызылорда ашық университетінің беделі халықаралық білім кеңістігінде жоғары болсын!