Қызылорда ашық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Айсұлу Мұхамбетжанқызы 2024 жылдың 16 ақпанында Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде

 

 

  Қызылорда ашық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы Айсұлу Мұхамбетжанқызы 2024 жылдың 16 ақпанында Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізілген белгілі қоғам қайраткері, әкімдік институттың «абаданы» атанған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтің құрметіне арналған «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дүйсенова Тамара Қасымқызы жүргізді. Ол Бердібек Машбекұлының тұлғалық, қайраткерлік және іскерлік қырларын аша отырып, оның мемлекет басқару ісіндегі озық тәжірибелерін пайдалану, насихаттау керектігін жеткізді.
ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов конференцияны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шараға қатысушыларға арналған құттықтау сөзімен ашты.
- Бердібек Мәшбекұлы – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол әр жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетекшілік етіп, парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі және адал қызметі – жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге, – делінген Президент хатында.
Сонымен қатар, конференция барысында баяндама жасаған қоғам қайраткерлері Бердібек Мәшбекұлының тәуелсіз еліміздің қалыптасуына, білім, ғылым, өнер, әлеуметтік салада атқарған адал қызмет барысындағы орасан зор еңбектері, оның тұлғалық, адами болмысы, туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
Конференция аясында Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев туралы «Өнегелі өмір» және «Ерен де берен Бердібек» кітаптарының тұсаукесері болып, тағылымды өмір жолы туралы арнайы түсірілген фильм көрсетілді.