Мүмкіндіктер алаңы

 

⚜️5 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан “Мүмкіндіктер алаңы” іс-шарасы, аймақтағы ЖОО және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен Education Fair білім көрмесі өтті.

🔸Мемлекет басшысы: “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында экономика мен техникалық салада мамандар тапшылығы барын атап өткен болатын.

🔸Осы маман тапшылығын жою және университет базасы мен мүмкіндіктерін таныстыру, түлектерге оқуға қалай түсуге болатыны туралы айтылған көрмеге Қызылорда ашық университеті де қатысты.

🔸“Евразия” спорт кешенінде ұйымдастырылған “Мүмкіндіктер алаңы” іс-шарасы нәтижелі ұйымдастырылып, түлектер мамандық таңдау мен білім беру мекемелері туралы толық ақпарат алды.