Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мәселелері

 

⚜️22-23 ақпанда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыруымен Maqsut Narikbayev University-де “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мәселелері” бойынша республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді жаңарту, оқыту тәсілдерін жетілдіру және практикалық тәжірибе алмасу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі факторы және азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастырады.

Республикалық семинарға университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Айгүл Бекқожақызы қатысып, сертификатқа ие болды.