⚡️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

 

️ ️

⚡️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

🔸Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру - қазіргі күннің басты талабы. Осыған орай, университетімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпарат беру және оны қоғамға насихаттау мақсатында Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай және департамент әкімшілік бөлімінің басшысы Э.Абдыкаликова студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔸Құқықтық оқу және түсіндіру барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілерінің неден пайда болатындығын, оған жол бермеудің қарапайым әдістері жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Уәкілетті орган қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір жеке тұлға жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес екенін баса айтты. Мамандар қойылған сұрақтарға жауап берді.