Баршаңызды алғыс айту күнімен құттықтаймыз!💐

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!
ҚАДІРЛІ СТУДЕНТТЕР!

Баршаңызды алғыс айту күнімен құттықтаймыз!💐

Алғыс айту күні - ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі. Ынтымақтастық пен өзара көмек секілді берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағы жарқын болсын!

Көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілейміз!