⚜️ АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ

 

️ ️

⚜️ АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ

🔷 «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым» тақырыбында облыстық эссе байқауы өтті.

🔷Байқауға “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Дизайн” білім беру бағдарламаларының 1 курс студенті Сейтжан Сайора және Хан Ксения қатысты.

🔷Орталық ұйымдастырған мәдени-көпшілік шаралардың қатарында «Алғыс айту – парызым» тақырыбындағы облыстық эссе байқауы, биыл төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

🔷 Тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған атаулы күн шеңберінде өткен байқауға өңірдегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен түрлі мекеме қызметкерлері арасындағы этнос өкілдері қатысты.

🔷 Байқау нәтижесінде бекітілген Ереже талаптарына сәйкес келетін, үздік деп танылған қатысушылар арнайы дипломдар мен Алғыс хаттармен марапатталды.

🔹Бір ұлттың баласындай өмір сүріп жатқан тәуелсіз елімізге, білім алып жатқан университетіне арнайы алғысын ақ параққа түсіріп, эссе жазған қос студентіміз байқау қорытындысы бойынша арнайы Алғыс хат иеленді.

Жетекшісі “Педагогика” кафедрасың оқытушысы Әйгерім Әлтай Ержанқызы