⚜️Бүгін Назарбаев университетінің өкілдері тәжірибе алмасу бойынша мастер класс өткізді.

 

️ ️

⚜️Бүгін Назарбаев университетінің өкілдері тәжірибе алмасу бойынша мастер класс өткізді.

Семинар барысында “Жаһандық бәсекелестік кезінде студенттерді оқуға тарту”, “Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебі”, “Талапкерлерді қабылдаудың халықаралық тәжірибесі”
“НУ-ға оқуға қабылдау процесін цифрландыру”, “Назарбаев Университеті мысалдары: дәстүрлі және заманауи оқу формалары” тақырыбындағы ақпараттар қамтылды.

Назарбаев Университетінің студенттерді оқуға тартуды басқару офисінің менеджері Қизатола Айдын “Жаһандық бәсекелетік кезінде студенттерді оқуға тарту” тақырыбында Назарбаев университетінің студенттерді оқуға шақыру, білім беру ісі тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, Назарбаев университетінің Жоғары Білім беру мектебінің маманы Ақерке Аяғанова: Бұл мектеп - ғылыми зерттеулер, сапалы оқыту және сендірерлік аргументтер арқылы барлық білім беру деңгейлерінде білім беру ойын, саясатын және тәжірибесін өзгертетін халықаралық дәрежедегі беделді орталық екендігін айтты.

Орталықтың мақсаты; білім беру зерттеулеріне, оқытушылық қызметке және ғылыми білім беруге ең жоғары халықаралық деңгейде қатысуға,мамандарды заманауи жағдайларда дамыта отырып оқыту және ғылыми білім беру саласындағы әлеуетін нығайтуға жұмыс жасау болып табылады.

Үш сағатқа созылған семинар барысында Қызылорда ашық университетінің оқытушы-профессорлары, қызметкерлері өздеріне қатысты оқыту мен жалпы үйлестіру мәселелерін шешу бойынша бірқатар бастамаларды талқылап, біздің университет студенттерге бағытталған академиялық мәдениетті қалыптастыруға және студенттерге өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы орта құруға ұмтылатынын жеткізді.