⚜️Университет оқытушылары мен студенттер Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде

 

⚜️Университет оқытушылары мен студенттер Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде

🔸Қызылорда ашық университеті мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында, академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

🔸«Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ябинова Ақбөбек Русланқызы және педагогика ғылымдарының магистрі, «Педагогика» кафедрасының оқытушысы Жармаханова Арайлым Дастанқызы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іс-тәжірибе алмасуда.

🔸Сонымен қоса “Әлеуметтік жұмыс“ білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Нұрланқызы Қарақат академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім алуда.

🔸Тараптар арасындағы тәжірибе алмасу мен білім көкжиегін байыту университтеттер үшін маңызды рөл атқарады. Белсенді ынтымақтастық жоғары нәтиже береді деп сенім білдіреміз.