“Академиялық ұтқырлық” бағдарламасы бойынша дәрістер жүргізуде

“Академиялық ұтқырлық” бағдарламасы бойынша дәрістер жүргізуде

Бүгінде университеттің қос оқытушысы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде дәріс өтуде.

Серіктес ЖОО-да университтің «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ябинова Ақбөбек Русланқызы Юк-21, Юк-3сс оқу топтарына ҚР қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)және “Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық” пәндерінен білім беруде.

Сонымен қатар, “Педагогика”кафедрасының оқытушысы Жармаханова Арайлым Дастанқызы “Инклюзивті білім беру” пәнінен “Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі” және “Педагогика және психология” білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға дәріс жүргізуде.

Тәжірибе алмасушы аға оқытушылар наурыз айының 1-9 аралығында дәріс жүргізетін болады.