Coursera

⚡️Coursera – Стэнфорд профессорлары Дафне Коллер мен Эндрю Ын 2012 жылы жасаған жаһандық платформа. Ол студенттерді біріктіріп, әлемдегі ең үздік университеттердің курстарынан өтуге мүмкіндік береді.

Курстар білім берудің барлық салалары бойынша қол жетімді. Сіз келіссөздер жүргізу, қаржы, бағдарламалау курсын оқи аласыз, тіпті сіздің денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңыз туралы ғылым бойынша да курстар бар.

Платформа материалдары дәстүрлі оқыту формасына жақын жасалған: лекциялар, бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары, тест тапсыру, емтихандардан тұрады.

Бүгінде Қызылорда ашық университетінің оқытушылары мен студенттері 116 сертификатқа ие болды.

Олардың көпшілігі “Проблеманы тиімді шешу және шешім қабылдау”, “21 ғасыр жұмыс орнындағы қарым-қатынас”, “Жоба басқару: табыс негіздері” курстарын таңдап, өз білімдерін жетілдірді.