Анашым, бір өзіңсің табынарым
🌹 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай университет пен колледж аруларына арналған "Анашым, бір өзіңсің табынарым" атты салттанатты кеш өтті.
🔸Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді.
🔸Алдымен, Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры Абайбек Жүнісов көктемнің шуақты мерекесімен аруларымызды құттықтап, бірқатар қыз-келіншектерге Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы Н.Байқадамовтың мерекелік құттықтау Алғыс хатын табыстады.
🔸Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, белсенді студенттер мен өнерлі ұстаздар ән айтып, би билеп, жайдарман ойындарын ұйымдастырып барша оқытушылар мен қызметкерлерді қуанышқа бөледі.
🔸Ана бойындағы асыл қасиеттер мен мейірбандылық, қайсарлық пен адалдықты арқау еткен бұл кеш, нәзік жандылардың өр рухты екенін тағы бір айқындағандай.
🔸Сонымен қатар, арнайы жасалған мерекелік бейнекөрініс ханымдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ер азаматтарымыз әзірлеген гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар аруларымызға тарту етілді.