Қызылорда ашық университетінің құрметті арулары мен әйелдер қауымы!

 

Қызылорда ашық университетінің құрметті арулары мен әйелдер қауымы!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздер әрқашан жасампаздық жолындағы игі бастамаларға шабыт беріп, рухтандырып отырасыздар. Сіздерден тарайтын күш-жігер, ыстық ықыластарыңыз қашан да жаңа жетістіктерге жетуге жетелейді.

Көктемнің шуақты да шырайлы мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге жаңа табыс, жаңа бақыт тілейміз! Бәріміздің атқарып отырған ортақ ісімізге қосқан үлестеріңіз көбейіп, арта берсін!

Мерекелік көңіл-күй мен тамаша сәттіліктер Сіздерге серік болсын!