Біздің студенттер финалдық кезеңде!

 Біздің студенттер финалдық кезеңде!

Қызылорда қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Үздік студент-2024» байқауының 2 кезеңін жеңіп, финалдың кезеңіне біздің студенттеріміз жолдама алды.

«Үздік студент-2024» байқауына университеттен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Туребай Томирис және 1 курс білім алушымыз Оралбай Рысдаулет қатысып жатқан еді.

Аталмыш байқауға жалпы Қызылорда қаласы бойынша 30-дан аса студент өтініш білдірген.