Бүгін Назарбаев университетінде Білім беру көшбасшылығына арналған тренингтің офлайн апталық бағдарлаудың 3-ші күні
Бүгін Назарбаев университетінде Білім беру көшбасшылығына арналған тренингтің офлайн апталық бағдарлаудың 3-ші күні.
Тренингке Қызылорда Ашық Университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.Б.Әлібекова, басқарма басшысы А.М.Мұхамбетжан, кафедра меңгерушісі М.Қ.Бисенова және аға оқытушы Р.Уразалиева қатысуда.
Семинар қатысушыларына «Нәтижеге назар аудара отырып, мәселелерді шешу». Туындаған мәселелерді шешу жолдарымен таныстырған - HAMK университетінің Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған кәсіптік білім беру бағдарламасының басшысы Йоханна Эрлинг.
Қаралған сұрақтар:
- Мүмкіндіктер мен проблемалар (ресми оқыту бағдарламасына сәйкес мақсаттар);
- Мәселелерді шешу және нәтижеге бағдарлау;
- Диалог және диалогтық оқыту;
- Ортақ көшбасшылықты кеңейту;
- Шешім қабылдау және кеңес беру процесіне оқытушыларды тарту;
- Оқу қауымдастығының мүшелері ретінде қатысу, тиесілілік және моральдық мақсат сезімі;
- Сенімсіздік пен қорқыныш сезімін қалай жеңуге болады - психологиялық қауіпсіз жұмыс ортасы;
- Қатысушылық немесе өкілетті көшбасшылық.
Кері байланыс орнату мақсатында топтарға:
- процестің қадамдарын бастапқы нүктеден мақсатқа дейін;
- белсенді енгізу процесінің мүмкіндіктері мен мәселелерін;
- мәселелердің шешімдерін: қажет әрекеттер, тұлғалар, құзыреттер және ресурстарды анықтай отырып нәтижеге бағытталып, мәселені шешудің 5 қадамын көрсету тапсырмалары берілген.
“Топпен қорғаған жобамыздың нәтижесінде Йоханна Эрлинг үлкен әсер алып, бұл жобаны Финляндия білім беру жүйесінде қолдануға болатынын айтып, оң бағасын берді.
Бүгінгі күннің бірінші сабағының оқу нәтижесіне жеттік. Нақты айтсақ:
- процестегі мүмкіндіктерді, қиындықтарды және шешімдерді визуализациялауды;
- нәтижеге бағытталған, топтың ортақ түсінігі мен дұрыс көзқарасты қалыптастыра алуды үйрендік”- деді Айсұлу Мұхамбетжанқызы.