«Білім берудегі көшбасшылық»
⚜️Наурыз айының 10-16 аралығында Қызылорда ашық университетінің өкілдері Астана қаласында Назарбаев Университеті (НУ) Жоғары білім беру мектебінің Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу аясында Дүниежүзілік банк пен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Финляндияның HAMK пен JAMK университеттерінің және НУ-нің сарапшылары өткізіп жатқан «Білім берудегі көшбасшылық» офлайн апталық тренингіне қатысуда.
🔸Бүгін 2024 жылдың 14-ші наурызы, семинардың төртінші күні, тренингті HAMK университетінің негізгі сарапшысы Ари Покка «Өзара қолдауды қамтамасыз ету» тақырыбында жүргізуде.
Тақырып аясында:
Өзара қолдау арқылы:
- кәсіби серіктестік орнату арқылы бір-біріне қолдау көрсету үшін ортақ тәжірибесі бар адамдарды біріктіру;
- тәжірибе алмасу және біліктілікті арттырудың бір бөлігі ретінде;
- әріптестердің өзара қолдауы өзара түсіністік пен ортақ жауапкершілікті нығайту;
- қызметкерлер өздерінің білімдері мен құзыреттерін бір-бірімен бөлісетін бірлескен топтың жұмысын жүргізу;
Көшбасшының әріптестеріне қолдау көрсетудегі жаңа рөлі мен оның маңыздылығы:
- Көшбасшы ұйым мәдениетінің өзгерісін қабылдауы;
-Ұйымдарда өзара қолдаудың бағалануы;
-Өзара қолдаудың артықшылықтары мен қиындықтары туралы сұрақтар қарастырылды.
🔸Сабақты түйіндеу мақсатында командалық тапсырманы жоғары деңгейде қорғап, Ари Покканың жоғары бағалауына ие болуда.