Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласынан келген, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Литвинова Светлана Николаевна дәріс оқуда

⚜️Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, Қызылорда ашық университетіне 18 наурыздан бастап Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ұлттық зерттеу университеті - Халықаралық психологиялық-педагогикалық инновациялар институтының директоры Литвинова Светлана Николаевна келіп, университеттің білім алушыларына дәріс оқуда.

🔸Ол “Заманауи мұғалім рөлін трансформациялау, жаңа сауаттылық және оқушының болашақ дағдыларын дамытуға бағыттау” курсы бойынша оқытушы-профессорлармен тәжірибе алмасып, студенттерге екі апта дәріс беретін болады.

🔸Бүгін, Литвинова Светлана Николаевна педагогика ғылымдары бойынша білім алушы студенттерге “Білім беруді дамыту үрдісі, қазіргі педагог рөлін трансформациялау” тақырыбында курс жүргізуде.