⚡️19 наурыз - «Жаңару күні»

⚡️19 наурыз - «Жаңару күні».

🔸Бұл күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады.
«Жаңару күні» ел өміріндегі және әрбір қазақстандықтың өміріндегі жаңа кезеңінің басталуын сипаттайды. Бұл уақытта адам алдына жаңа мақсаттар қойып, жаңа жобалар бастап, өмірін жақсарту бағытында шешімдер қабылдайды.

🔸Жаңару күні көктемгі ағаш егу жұмыстары ұсынылады. Осы орайда университетте тал көшеттерін егіп, аталмыш күннің мәні мен мазмұнын айшықтайтын іс-шара ұйымдастырды.

Осылайша, Жаңару күні университетте ерекше тойланып, өмірдің жаңа кезеңі қайта жақсылықпен бастау алды.