“БАҚ-БЕРЕКЕМ, ҚҰТ-МЕРЕКЕМ - ӘЗ НАУРЫЗ!

“БАҚ-БЕРЕКЕМ, ҚҰТ-МЕРЕКЕМ - ӘЗ НАУРЫЗ!

Күн мен түн теңеліп, жан-дүниені тірілткен, аққа ауыз тиіп, қытымыр қыстың ызғарынан шыққан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз келіп жетті.

Бүгін Қызылорда ашық университетінде Наурыз мерекесі кең көлемде тойланып, ұжым қуаныштарымен бөлісіп, бір-біріне ақжарма тілектерін жолдады.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы болған мерекеде алдымен университеттің бірінші проректоры Абайбек Жүнісов қауымды ұлттық мерекемен құттықтады. Биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі елімізге құт-берекесін әкелсін деген тілегін жеткізді.
Сондай-ақ “Ай үздігі” номинациясымен белсенді студенттерді марапаттады.

Осынау дәстүрлі шарада жастар ата-баба жолымен Наурыз мерекесіне байланысты көрініс қойып, би билеп, наурыз шашу әндерімен мерекенің маңызын арттырды.

Молшылық пен ырыс-ынтымақтың бастауы болған мерекеде арнайы ақ дастархан жайылып, қонақтар және оқытушылар мен студенттер наурыз көжеден дәм татты.

Мерекелік кеш, ұлттық ойын түрлерінен сайысқа жалғасты. Студенттер қол күресіп, арқан тартып бақ сынады. Сайыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталды.

Тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін шағы-Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!