Ұлыстың ұлы күнінде Ақжолтай жаңалық!!!
Ұлыстың ұлы күнінде Ақжолтай жаңалық!!! Қызылорда ашық университеті Азиялық ашық университеттер қауымдастығына (Asian Association of Open Universities - AAOU) қауымдастырылған мүше болып қабылданды. Ассоциацияның 23 мүшесі, 18 қауымдастырылған мүшесі бар.
1987 жылы негізі қаланған Азиялық ашық университеттер қауымдастығы (Asian Association of Open Universities - AAOU) негізінен ашық және қашықтықтан білім беруге арналған жоғары оқу орындарының ұйымы болып табылады. Оның мақсаты - Азиядағы қол жетімді білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және білім беруді басқару, оқыту және зерттеу тұрғысынан оқу орындарының сапасын жақсарту.
Ол қашықтықтан оқыту жүйелері мен кәсіби және этикалық стандарттар арқылы білім беруге ықпал етеді; ашық және қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін дамытады; ресми органдармен және қашықтықтан білім беруге мүдделі тұлғалармен ынтымақтасады; басқа да аймақтық және халықаралық органдармен ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
AAOU мүшелігі толық және қауымдастырылған мүшелерден тұрады. AAOU жыл сайынғы конференциясы Азиядағы ашық және қашықтықтан оқытуға қатысатын жоғары оқу орындары және студенттер үшін ынталандырушы форум болып табылады.
Аталған мүшелік университет ұжымына көрсетілген зор сеніммен қатар, үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы жолдағы жұмыстар жүйелі жалғасын таба бермек.