«Экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік дамудың тұрақтылығы» атты халықаралық білім беру конференциясы
2024 жылғы 22 наурызда Мәскеу политехникалық университетінде «Экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік дамудың тұрақтылығы» атты халықаралық білім беру конференциясы өтті, оған Қызылорда ашық университеті онлайн нысанында қатысты.
Конференцияның ашылуында Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жүнісов Абайбек Талғатұлы құттықтау сөз сөйледі. Конференцияның мақсаты - экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негіздерін, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру жүйесін қалыптастырудың нақты тетіктерін және экологиялық қауіпсіздік пен еңбек қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулер мәселелерін талқылау.
Конференция жұмысына Өзбекстанның, Қырғыстанның және ТМД-ның басқа да елдерінің жоғары оқу орындарының өкілдері белсенді қатысты. Қызылорда ашық университеті мен Мәскеу политехникалық университеті серіктес ретінде жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайын.