⚜️ Халықаралық ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

⚜️ Халықаралық ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

Қызылорда ашық университеті мен Болгария мемлекеті Бургас еркін университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.

Тараптар білім беру, ғылыми қызмет салаларындағы ынтымақтастық, университеттер арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды мақсат етіп отыр.

Ынтымақтастық аясында білім алушыларды даярлау шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру, әдебиетті қолдау бойынша конференциялар, семинарлар, симпозиумдар өткізу мақсатында бірлескен қызмет атқарады.

Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми тағыламдамаларды өткізу бағыттары қамтылған.

Тараптар арасындағы серіктестік бағыттарының бірі студенттер, магистранттар, докторанттардың теориялық және практикалық білімді тереңдету үшін тәжірибеден өтуін ұйымдастыру болып табылады.

Келісім шарт мерзімі шектелмеген уақытқа жасалған. Бұл жас ғалымдар мен оқытушылар, сонымен қатар білім алушылар үшін жаңа мүмкіндікке жол ашпақ.

Осы келісімшарт аясында, үстіміздегі жылдың мамыр айында университеттің екі оқытушысы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша аталған университетке дәріс оқуға, тағылымдамадан өтуге баратын болады.