«БҰҰ моделі» конференциясы студенттер лигасы

«БҰҰ моделі» конференциясы студенттер лигасы

«Анаға тағзым» орталығында «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен
«Су дипломатиясы: елдер арасындағы өзен бассейндеріне талас туындауының әсерінен қақтығыстардың алдын алудың тиімді басқарылуы» тақырыбында «БҰҰ моделі» студенттер лигасы конференциясы өтті.

Конференцияға арнайы Қырғызстан Республикасының ең тәжірибелі ұйымдастырушысы – Марат Қошмұратов келіп, жастарға ойын форматын егжей-тегжейлі түсіндірді.

«БҰҰ моделі» конференциясы жастардың өзін-өзі ұстауына, мәнерін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға өз көмегін тигізеді.

Конференцияға университеттің Ю-23-1 оқу тобының студенті Оралбай Рысдәулет және ББ-П-22 оқу тобының студенті Ақнұр Бауыржанқызы қатысып, арнайы сертификат берілді.

Алдағы уақытта, білім алушыларды облыстық, республикалық конференцияларға қатыстыру жоспарлануда.