«Жас ерекшелік психологиясы» және «Жалпы психология» пәндерінен дәріс өтуде
⚜️Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Әлеуметтік-педагогикалық пәндер» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Зубайраева Зухра Абибуллаевна академиялық ұтқырылық бағдарламасы бойынша 26 наурыз - 9 сәуір аралығында Қызылорда ашық университетінің 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 6В01102 – Педагогика және психология, 6В01202 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларының білім алушыларына «Жас ерекшелік психологиясы» және «Жалпы психология» пәндерінен дәріс жүргізуде.
Жас ерекшелік психологиясы бойынша дәріс тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктер кезеңдері және психикалық ерекшеліктерінің дамуы.
Мақсаты: Мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне қарай және жеке басына тән ерекшеліктер туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
- Мектеп оқушыларының жас ерекшелігінің кезеңдеріне сипаттама беру;
- Мектеп оқушысының жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін ашу.
Дәріс барысында бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері және анатомиялық - физиологиялық дамуы; оқушыны дамытатын қарама-қарайшылықтары; бала өміріндегі ең маңызды адамдар; балалардың психика-педагогикалық ерекшеліктері мен ортаға әлеуметтік бейімделуі; бастауыш мектеп жасындағы балалардың қызығушылықтары, оқушылардың оқу әрекеттері, негізгі іс-әрекеттері және қарым-қатынас ерекшеліктері қамтылды.
Зухра Абибуллақызы студенттермен танысуды тәттілерді үлестіре отырып, сәттілік тілеп, жақсы сөздермен бастады. Оқытушы білім алушыларды сергіту сәттерін де тиімді ұйымдастырды. Атап айтсақ, «Қуыршақ» тренингі жүргізілді. Білім алушылардың өзін-өзі бағалаудың бес жақсы жақтарын жазу арқылы өздеріне баға берді, дәріс барысында әртүрлі әдістерді қолданып, заманауи талаптарға сай, кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді. Топта идеялар алмасып, бірін-бірі бағалағанда өзара ақпарат алмасты. Сондай-ақ дәрістен түсінген білімдерін білу мақсатында білім алушылармен кері байланыс жасалды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері орындалды. Алдағы апталарда сабақ беру үдерісін тиімді іске асырып, пайдалы білімді беруде сәттілік тілейміз.