Қызылорда ашық университеті кітапхана қоры жаңа мазмұнды кітаптармен толықты

Қызылорда ашық университеті кітапхана қоры жаңа мазмұнды кітаптармен толықты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қараманова Минсара Сәдуақасқызы «Алдаспан», «Өнегелі өмір» атты кітаптарын сыйға берді.

Кітап авторы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, ф.ғ.к., журналист Алдажар Әбілов.

Шығармада Ұлы Отан соғысының және құқық қорғау саласының ардагері Сәдуақас Қараманов және оның жары Қатира Оспанқызының өмірі мен еңбек жолы, белгілі заңгер С.Қарамановтың өмірі мен қызметі арқау етіле отырып, қоғам мен адам, әділеттілік үшін күрес уақыт шындығы тұрғысынан суреттеледі. «Алдаспан» атты бірінші кітап көркем- деректі туынды болса, «Өнегелі өмір» атты екінші кітапта естеліктер, фотодеректер, баспасөз бетінде жарық көрген замандастар естеліктері мен мақалалары жарық көрген.

Кітаптағы адами қасиет, адалдық жолы туралы ұғымдар болашақ заңгерлер мен өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор.