Зухра Абибуллақызы «Психикалық қасиет - мінез» тақырыбында ашық сабақ өтті
Бүгін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Әлеуметтік-педагогикалық пәндер» кафедрасының доценті, п.ғ.к., Зухра Абибуллақызы «Психикалық қасиет - мінез» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты:
✓ Білім алушыларға мінез туралы жалпы ұғымды түсіндіру;
✓ Білім алушылардың адамдарды құрметтеуге, мінездің ұлттық ерекшеліктерін, адамгершілік құндылықтарын ұғынуға, мейірімділікке, имандылыққа, намысшылдыққа, қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу;
✓ Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, білім алушылардың ой-өрісін, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Жоспар бойынша мінез жайлы жалпы түсінік, мінез бен іс-әрекет, мінез құрылысы, мінез типологиясы ашылды. Сабақ барысында «Көңілді оркестр», «Сиқырлы маркер», «Түрлі-түсті саусақтар», «Ашулы айдаһар» әдістері арқылы дәрістің мазмұнын аша түсті. Студенттер сабақ нәтижесінде тақырып мазмұнын пысықтау мақсатында QR код арқылы сұрақтар қойылып, жауаптарды экранға ұсынды.
Сабақ соңында білім алушылардың тақырыпты қорытындылау сәтінде SWOT-талдау «Каспи банк» ретінде карточкалар таратылып, карточкаға сабақтың күшті жақтарын, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіпті қатерлерін жазу арқылы жүзеге асырды. Оқытушы ашық сабакта университетің студенттері мен жас мамандарына білім саласына деген шабытын ашуға үлес қосты.
Қорыта айтқанда, оқытушының ізденістері білімнің дамуына орнықты үлес қосатын бастамаларын үздіксіз жалғауға жәрдемші болады және алдағы уақытта жалғасын табатынына сенім білдірді.