“Маржан сөз, қоңыр үн”
⚜️ Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық “Маржан сөз, қоңыр үн” атты концерт жүргізушілері арасында сайыс өтті.
Байқауға 16-30 жас аралығында, бойында өнері бар, сахнаны меңгере алатын, жарасымды қимыл-қозғалыс көрсете білетін талапкерлер қатысты.
Қызылорда ашық университетінің “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Әбдімәлікқызы Алтынай қатысып, өнер көрсетті.
Байқаудың мақсаты жастар арасындағы көркем шығармашылықты дамыту, үлкен аудиториямен сөйлесе білу дағдысын, сөздік қор, тіл байлығын қалыптастыру, сол арқылы жастарды үлкен сахнаға баулу.
Байқау қорытындысы бойынша Әбдімәлікқызы Алтынай белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.