«Қаржылық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
⚜️ Бүгін «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушылары, доцент, э.ғ.к. Елпанова Мадина Абжалиевна, аға оқытушылар Примжанова Амина Абуталиповна және Ахметова Гүлназ Якудақызы университеттің 1 курс білім алушыларына «Қаржылық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – білім алушылардың қаржылық сауаттылығын ашу, жалпы қаржы саласына деген дүниетанымын кеңейту. Сол арқылы жаңа мүмкіндіктерді ашу және қаржылай зиян әрі шығын келтіретін жайттардан сақтандыру.
Сабаққа «Халық-Life» акционерлік қоғамының қаржы кеңесшілері Ниязова Ғазиза Талғатқызы және Аймаханова Гүлмира Талғатқызы қатысып, жеке сақтандыру және жеке зейнетақы жоспары жайлы ақпараттарымен бөлісті.
Білім алушыларға қаржылық сауаттылық түсінігі, қаржылық қауіпсіздік және қаржылық алаяқтық мәні, түрлері туралы мәліметтер ұсынылды. Білім алушылар арасында сұрақ-талқылаулар туындап, топтар арасында түрлі сауалдарға қатысты пікірлер айтылды.
Ашық сабаққа Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Әлібекова Айгүл Бекқожақызы, Академиялық басқарманың бас әдіскері Абдраманова Ақмарал Сәдібекқызы, «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Бимурзаева Айгерім Алмасқызы қатысты.