⚜️ «Жошы ұлысының құрылғанына - 800 жыл» тақырыбында ашық сабақ өтті
⚜️ «Жошы ұлысының құрылғанына - 800 жыл» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты - білім алушылардың Шыңғыс ұрпақтарының Еуразия кеңістігінде билік құруы, оның ішінде Алтын Орда –Жошы ұлысының құрылу себебі, саяси тарихы мен мемлекеттің сыртқы шабуылдарға ұшырауы және құлау себебін білу. Моңғол шапқыншылығының Қазақ хандығының құрылуына әсерін түсіндіру. Сол арқылы Қазақ халқының төл тарихына оқушыларды қызықтыру арқылы тарихты ұмытпауға шақыру.
Сонымен қатар, білім алушыларға Жошы ұлысының алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екендігі, ұлыстың жүргізген ішкі–сыртқы саясаты мен экономикалық даму ерекшеліктері, қоғамдық құрылысы мен оның әлсіреу тарихы туралы айтылды.
Сабаққа “тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру” басқармасының әдіскері Адамбаева Айжан Сұлтанбекқызы және “Педагогика” кафедрасының әдіскері Қоянбаева Ұлдана Берікқызы қатысып өз әсерлерімен бөлісті.
Пән оқытушысы: Утепбергенова Индира Багдатовна