«Жеткіншек жастың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында семинар-дәріс өткізілді
Бүгін «Педагогика» кафедрасының ПМНО-23-1, ПП-23-1 оқу топтарына аға оқытушы Уразалиева Рыскүл Мұратбекқызының ұйымдастыруымен «Жас ерекшелік психологиясы» пәнінен, «Жеткіншек жастың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында семинар-дәріс өткізілді.
Сабақтың мақсаты – «жеткіншек шақ», «дағдарыс», «өзгерістер», «танымдық даму», «әлеуметтік даму» ұғымдарын теориялық тұрғыда ғылыми негіздеу; жеткіншектік кезеңдегі балалардың психологиялық дамуына әсер ететін тренингтер, ІТ технологияларды жан-жақты қолдану; білім алушылардың бойында шығармашылық және креативті көзқарасты қалыптастыру.
Сабақ барысында жеткіншектердің анатомиялық-физиологиялық дамуы қарастырылып, осы кезеңде бала организмінде болатын негізгі өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар, жеткіншектердің жаңа психологиялық ерекшеліктерін, дағдарыс мәселелерін әлеуметтік және танымдық дамуындағы негізгі психологиялық ерекшеліктерді көрсетті. Кері байланыс жасау мақсатында финляндиялық озық білім беру жүйесінің «Flinga Fi» әдісі, білім алушылардың дәріс мазмұнын игеруін анықтау мақсатында «educaplay» платформасы, «Менің қалпағым үшбұрыш», «Таңдау жаса», «Көңілді таяқшалар», «Адам өз өмірінің суретшісі», «Ашулы шарлар» тренингтері ұйымдастырылды.
Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы А.Мұхамбетжанова, заң ғылымдарының кандидаты Бисенова М.Қ., «Педагогика» кафедрасының әдіскері мен оқытушылары Қоянбаева Ү.Б., Абилова А.А., Бақтиярова Г.П., Елубаева Ж.Ж., Ғани А.М., Шынжырбай Р.М. қатысып, пікірлері, қорытындылар мен ұсыныстар айтылып, өз әсерлерімен бөлісті.