"EDP Hub" ЖШС (Идипи Хаб) "Ай пи Ар Медиа" компаниясының эксклюзивті серіктесі таныстырылды

 

Қызылорда ашық университетіне
"EDP Hub" ЖШС (Идипи Хаб) "Ай пи Ар Медиа" компаниясының эксклюзивті серіктесі таныстырылды.

“EDP Hub" заманауи мамандандырылған баспа оқу және кәсіби әдебиеттер жинақталған платформа.

Жиынға Ресейдің Саратов қаласынан “EDP Hub” компаниясының өкілі Кутуева Вика Викторовна келіп, платформа туралы мәлімет берді.

Ол ”Компанияны дамытудың басым бағыттарының бірі республиканың білім беру мекемелерімен халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Қазақстан инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру процесін қамтамасыз ету үшін және
оқу үдерісін жаңғырту, бұл кез келген қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады және бағдарламалық оқыту ортасын құру арқылы жүзеге асырылады. Ол "классикалық" оқытудың мүмкіндіктерін заманауи ақпаратпен біріктіреді,
оқытушының студенттермен өзара әрекеттесуін автоматтандыруға негізделген технологиялар” екендігін жеткізді.

Бұл компания жылдар бойы Қазақстанның жетекші оқу орындарымен серіктестік байланыста.

Кездесу барысында университет пен компания арасында ынтымақтастық мәселелері талқыланып, ең оңтайлы форматта жұмыс атқаруға келісті.

Баспа қызметі саласындағы ынтымақтастық, университет авторларының кітаптары, оқытушылардың еңбектерін цифрлық өнімдерге қосу университеттің ғылыми мектебін жоғарылатуға өз үлесін қоспақ.